Трамп Жапонияға болат компаниясын сатуға наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Жапонияға болат компаниясын сатуға наразы

04.10.2024

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қарашадағы сайлауда жеңсе, штаттарды газбен жүретін көліктерге тыйым салатын құқығынан айыратынын мәлімдеді. Мичигандағы сөйлеген сөзінде ол Жапонияға АҚШ-тың болат шығаратын компаниясын сатуға рұқсат бермейтінін де жеткізді. Өткен айда US Steel компаниясын жапониялық болат компаниясына 14,9 млрд долларға сату туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат шыққан еді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Мен АҚШ болатын сатуға рұқсат бермеймін. Жапонияға сату шешімі дұрыс болса да мен мұны қолдамаймын. Өйткені АҚШ-тың болат компаниясы 65-70 жыл бұрын әлемдегі ең мықты компания еді. Мен билікке келсем, оны сату шешімінің күшін жоямын.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу