Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен тұрғындар газсыз қалды
Ақтөбеде спиртті ішімдік ішкен әйелдің кесірінен 550-ден астам пәтер көгілдір отынсыз қалды. Оқиға бүгін, таңғы сағат 6:30-да болған. «Мерседес» көлігімен келе жатқан 39 жастағы келіншек газ құбыры өтіп жатқан шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Сараптама нәтижесі оның ішімдік ішкенін көрсетті. Көлік құбырды зақымдап, сол маңдағы сегіз үй көгілдір отынсыз қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шұңқырды әкімдіктің рұқсатымен жеке компаниялардың бірі қосымша газ құбырын тарту үшін қазғаны анықталды.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өткізілген сараптамаға сәйкес, автокөлік жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17