Сарапшы: АЭС - таза энергия көзі
Британиялық сарапшылар алдағы 50-100 жылда әлем толығымен таза энергияға бет бұрады дейді. Осы тұрғыда ядролық энергияға көшудің маңызы зор деп отыр.
Саймон Маршалл – Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің өкілі. Штаб пәтері Лондонда орналасқан ұйыммен, 100-ге жуық мемлекет жұмыс істейді. Конгрестің негізгі мақсаты энергетика саласының бүгіні мен болашағын талқылау үшін әлем сарапшыларының басын біріктіру. «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы да конгреспен қоян-қолтық жұмыс істейді. Маршаллдың пікірінше, атом электр станциясын салудың пайдасы көп.
Саймон Маршалл, Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің сату бойынша директоры:
Әлбетте, АЭС құрылысы кезінде және пайдалануға берілгеннен кейін де жұмыс орындары ашылады. Таза және сенімді энергия көзі энергетикалық тәуелсіздікке жетелейді. Сырттан тасымалданатын қуат көздеріне деген қажеттілікті азайтады. Және ең бастысы - АЭС экологиялық таза энергия береді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06