Мәслихат депутаттары өңір халқын алаңдатқан мәселелерді Үкімет мүшелеріне жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәслихат депутаттары өңір халқын алаңдатқан мәселелерді Үкімет мүшелеріне жеткізді

03.10.2024

Осы форум аясында мәслихат депутаттары өңір халқын алаңдатқан мәселелерді Үкімет мүшелеріне жеткізді. Ауызсу, жол сапасы, электр энергиясының жетіспеуішілігі, субсидияның уақытылы бөлінбеуі сынды сұрақтарды тікелей министрлерге қоюға мүмкіндік алды. Семейден келген депутаттар қала іргесінде жаңадан салыну керек жылу электр орталығының құрылысы жайында сөз қозғады. Ал Түркістан облысына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жетіспейді. Өңір депутаттары осы мәселені Үкімет деңгейінде шешуді сұрайды.

Қалмаржан Төреқызы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

Бізде мүгедектер саны өте көп басқа облыстардан қарағанда, халық саны да көп, мүгедектер оңалту орталықтары аздық етіп жатыр. Жағдай жасау керек. 

Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жергілікті келіп жатқан азаматтар көтеріп жатыр, Жарық пен судың жоқтығын, жолдың мәселесін, жылу жерлерінің аздығын қаржы бөлу туралы көтеріп жатыр. Ол сұрақтарға министрлер, Үкімет басшылары, қаржы министрлер тікелей жауап беріп жатыр.


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу