Ауыл кәсіпкерлері несиеге онлайн өтінім бере алады
Енді ауыл кәсіпкерлері «Ауыл аманаты» бағдарламасына өтінімдерді электрондық форматта бере алады. Қазірде министрлік дайындаған ақпараттық жүйе арқылы мыңнан астам өтінім түсіп, оның 384-і мақұлданған.
Айта кетейік, ауылдағы бизнес салаларын дамытуға төмен мөлшерлемемен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін несие беріледі. Бұл бағдарлама елдімекен тұрғындарының кірісін арттыруға бағытталған.
Бағлан Бекбауов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Бұл бағдарлама төңірегінде пайыздық мөлшерлеме 2,5%-дан аспайды. Несие мерзімі – 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар болса – 7 жылға дейін. Несие сомасы жеке кәсіпкерлер үшін 9 миллионнан сәл асады. Ал, егер де шаруашылықтар бір кооперативке ұйымдастырылып, бірігіп жұмыс істейміз десе, онда несие сомасы 29,5 млн-ға дейін жетеді.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12