Қазақ жастары көп жұмыртқалайтын тауықты будандастырып шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жастары көп жұмыртқалайтын тауықты будандастырып шығарған

03.10.2024

Қазақстанда алғаш рет студенттік кәсіпкерліктің Enactus World Cup Әлем кубогы өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға 33 мемлекеттен келген студенттер, кәсіпкерлер, академиялық көшбасшылар мен корпоративтік бизнес басшылар қатысуда. 2000-нан астам қатысушы экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді көрсететін жобаларды ұсынып, сайысқа түседі. Қазақстандық жастар бұл бәйгеде ауыл шаруашылығына байланысты бизнес жоба әзірледі. Топ жетекшісінің айтуынша, 5 түрлі тұқымды тауықтарды будандастырып, жаңа «Казаукана» тұқымын ойлап шығарды. Оның еті адам ағзасына әлдеқайда пайдалы деп сендірді. Сондай-ақ құс ауруларына шалдықпайды, ең көп жұмыртқалайтын тұқым дейді. Бұл агросаласына айтарлықтай жеңілдік беріп, экономикалық шығындарды азайтуға көмектесетін көрінеді.

Асқар Рахым, «Enactus Жетісу» тобының жетекшісі:

Тауықтың 2000-ға жуық породасы бар. Бірақ Қазақстанда бір де бір порода жоқ. Біз әртүрлі тауықтардың породаларын бір-біріне қосып, будандастырып, 8 жыл жұмыс арқасында жаңа түрін шығардық. Оның ерекшелігі еті қара болады. Сүйектері қара. Жұмыртқалары түрлі-түсті. Без ГМО. ГМО жоқ мұнда. Одан бөлек, бұл тауықтар жылына 300-ге жуық жұмыртқалайды. Біздің мақсат – жұмыртқа өнідірісіндегі расход, шығындарды төмендету.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу