Президент: Алдағы референдум тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды уақиға
Мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында өкілді билік жұмысына қатысты осындай тапсырма берді. Бұл іске мемлекеттік басқару академиясы тартылмақ. Жалпы Президент халықпен тікелей жұмыс істейтін депутаттарға қатысты 4 басымдықты айқындап берді. Енді мәслихаттың жергілікті экономикалық саясатқа, бюджетке ықпалы арта түседі. Жалпыұлттық мүдделерді жүзеге асыруға ат салысып, әкімдермен үйлесімді жұмыс істеуге мән береді. Мемлекет басшысы жиын барысында алдағы референдумға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Дауыс беру нәтижесі қандай болса да, бұл – айтулы уақиға. Алдағы референдум – Қазақстанда соңғы бес жылда болған ауқымды өзгерістердің тағы бір мысалы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берген жағдайда бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Германия жарыс жолынан шықты
30.06.2026, 10:09
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07
Мемлекеттік қызметшілер вайб-кодингті меңгере бастады
30.06.2026, 10:05
Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты
30.06.2026, 10:04
Анталияда орман өртенді
30.06.2026, 10:03
Венесуэлада жер сілкінісі құрбандарының саны 1700-ден асты
30.06.2026, 10:02
Әзербайжан мектептерінде телефон ұстауға тыйым салынды
30.06.2026, 10:02
АҚШ-та балалардың онлайн қауіпсіздігі туралы заң жобасы мақұлданды
30.06.2026, 10:00