Депутат: Интернеттегі қауіпті контентті анықтайтын арнайы жүйе енгізу қажет
«Әлеуметтік желіде балалардың психологиясына кері әсер ететін контентті анықтап, оны автоматты түрде бұғаттайтын арнайы жүйе енгізу қажет». Мәжіліс депутаттары қауіпті ойындар мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдарға бақылауды күшейтуді ұсынды. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жаңа технологияны әлемдік тәжірибеге сүйеніп, Цифрлық даму министрлігі әзірлеуі қажет. Сонымен бірге, оқушылардың зиянды контентті ажырата білуі үшін оқу бағдарламасына цифрлық сауаттылық сабақтарын енгізуді ұсынды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Интернетті қауіпсіз пайдалану жеке деректерді қорғау және зиянды контентті зерделеу мәселелері арнайы оқу пәндерінің мазмұнында ғана емес, барлық негізгі пәндердің бағдарламасына енгізілуі шарт. Сонымен қатар, бұл тақырыптар тәрбие жұмысының маңызды бөлігіне айналып, ата-аналарға көмек болуы қажет.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03