АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді

02.10.2024

Экологиялық және экономикалық тағы бір тиімді жоба, ол – АЭС. Қазір әлемнің 18 елінде 56 реактордың құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар әлемдік стандарттарға сай, табиғи және техногендік жағдайларды ескеріп салынуда. Яғни қазіргі Атом электр станциялар 8 балдық жер сілкінісіне, цунами деңгейіндегі апаттарға, алып ұшақтың құлауына және басқа да табиғи құбылыстарға төтеп береді. Әрі заманауи технологиямен салынған. АЭС-тегі апат ықтималдығы 10 млн жылда біреу екен. Ал бүгінде еліміздің басым бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған көмір станцияларында қауіп одан 80 есе жоғары. Тағы ескеретін жайт, әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың әрбірінің жұмысы қатаң бақыланады. Оны МАГАТЭ және WANO секілді беделді ұйымдар қадағалайды.


Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу