ЮНЕСКО: Қазақстанның архивтерінде маңызды құжаттар сақтаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНЕСКО: Қазақстанның архивтерінде маңызды құжаттар сақтаулы

02.10.2024

Қазақстан архивтерінде құнды деректерге толы құжаттар сақтаулы. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның өкілі Алматыда өтіп жатқан архившілер конгресінде айтты. Халықаралық шара Қазақстан Президенті Архивінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

«Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты жиын архившілердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, сала мамандарының ортақ алаңына айналды, - дейді ұйымдастырушылар.

Конгреске сарапшы ретінде үздік архившілер, зиялы қауым өкілдерімен қатар ЮНЕСКО өкілі, Еуропа одағының мамандары, АҚШ және ТМД елдерінің жетекші ғалымдары бас қосты. Жиында тарихи-мәдени және құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Қоғамның тарихи жадын қалыптастыруда институттардың рөлі және олардың халықаралық диалог пен құқық жүйесіндегі орны сөз болды. Конгрес жұмысы ертең де жалғасады.  

Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:

Қалай жаңа технологияларды пайдалану? Бұл электрондық, цифрлық ақпаратпен қалай жұмыс жасау? Оны сақтау. Осы тақырыптар бойынша менің ойымша, өте пайдалы сөйлесу, әңгімелесу, тәжірибе алмасу секциялары жұмыс жасайды. 


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу