Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар. Жалпы алғанда оларда 400-ден астам ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 60-сы жаңадан салынып жатыр. Ал әлемдегі ең қуатты атом электр станциялары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция сынды бірқатар елде орналасқан.
Олардың ең қуаттысы - Жапонияның «Касивадзаки-Карива» станциясы. Ол 8 200 мегаватт қуат өндіреді. Бұл - ондағы жеті ядролық реактордың жиынтық энергиясы.
2-ші орында Оңтүстік Кореялық «Ханул» АЭС-ы тұр. Оның қуаты 7 600 МВт-тан асады.
Канаданың Онтарио қаласында орналасқан «Брюс» атом электр станциясы 3-орында. 8 қысымды ауыр су реакторынан 6 800-ге жуық МВт энергия шығады. 4-ші орындағы Қытайдың «Янцзян» станциясы Оңтүстік Қытай теңізі жағалауында орналасқан. Оның электр қуаты 6 500 МВт-тан асады.
Одан кейінгі – Оңтүстік кореялық «Ханбит» атом электр станциясы. Таза қуаты - 5 924 МВт. 6-орында 5 700 мегаваттық украиналық «Запорожье» АЭС-ы. 7, 8 және 9-шы орындар Францияға тиесілі. Мұнда «Гравелин», «Палюэль» және «Каттеном» атты үш ірі ядролық нысан бар. Ал Оңтүстік кореялық «Кори» атом электр станциясы оныншы орында тұр.
Арай Төлеген