Елімізде жер сілкінсе немесе су тасқыны сияқты апаттар болғанда, сақтандыру жүйесіне жүгіну керек пе? Бұл көпшілікті алаңдататын сауал екені рас.
Мамандардың сөзінше, жыл басында Алматыдағы дүмбуден кейін халықтың мүлкін сақтандыруға белсенділігі арта бастаған. Бүгін алып шаһарда әлемнің жетекші сарапшылары бас қосып, озық тәжірибесімен бөлісті. Олар ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретін апаттардан сақтандырудың тиімді тәсілдеріне тоқталды.
Мәселен «Howden Re» халықаралық компаниясының өкілі Армин Хаджич «Қазақстан үшін жер сілкінісі қаупін бағалау» тақырыбында арнайы зерттеуін таныстырды. Білікті маман халықаралық тәжірибелердің үздігін іріктей келе, Қазақстан Үкіметіне өз жобасын дайындаған. Бұл бағытта сақтандырудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жоспарланып отыр.
Олжас Әшкеев, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ төрағасының орынбасары:
Жер сілкінісінен кейін белсенділік артты. Оған дейін өкінішке орай, болды сақтандырып жүргендер,бірақ ондай қарқынды болмады. Сол тәуекелді сақтандырса, апат болғанда, ұйым төлеп береді. Біріншіден, халықтың сенімділігін арттыру керек сақтандыру ұйымдарына деген, жүйесіне деген.Ақпарат толық беру керек. Сол кезде ерікті түрде сақтандырады.
Жазира Оразқызы