АЭС – энергия жүйесінің маңызды элементі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – энергия жүйесінің маңызды элементі

01.10.2024

Еуропалық Одақ мүшелері әртүрлі энергия көздерін пайдаланғанымен, атом энергетикасы кейбір мемлекеттерде негізгі қуат көзіне айналып отыр. Мәселен атом энергетикасынан бас тартпақшы болған Бельгия реакторлардың жабылуын 10 жылға шегерген. Қазір елде екі атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардан өндірілетін энергия жалпы мемлекет қуатының 51,3 пайызын құраған. Ал Чехия үкіметі 2040 жылға қарай атом энергетикасын дамытпақшы. Елдегі барлық энергияның үштен бірі дәл сол станциялардан өндіріліп, тіпті көрші Австрия мен Германияға экспортталады. Мажарстан Парламенті болса екі жаңа энергетикалық реактордың құрылысына толық қолдау білдіріп, қол қойған.

Жан Брабандер, Брюссель дипломатиялық академиясының кеңесшісі:

«Мен атом электр станциясының болашағын жан-жақты бағалаймын. Бір жағынанан, бұл көп уақыт пен қаражатты қажет етеді. Екінші жағынан, зиянсыз «таза энергия» саналады. Сондықтан АЭС артықшылығының бары сөзсіз. Бельгия атом электр станциясын салған алғашқы елдердің бірі. Біз оны пайдаланып қана қоймай, ядролық қалдықтарын кәдеге жаратуда тәжірибе жинадық. Бұл өте күрделі процесс».

Сарапшылар Қазақстанда өтетін атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысты да пікірін білдірді. Олардың айтуынша, мұндай бастамаларды халықтың қолдауы аса маңызды.

Андрош Ласзло, Еуропалық одақ депутаты:

Біздің тәжірибемізде атом электр станциясы – энергия жүйесінің маңызды элементі. Өйткені еліміз энергия импортына қатты тәуелді болды. Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты Венгрия энергияның осы түрін салу және пайдалану тәжірибесімен бөлісе алатынын қосқым келеді. 

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу