Алматыда қарттар күні 1 ай бойы аталып өтіледі
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол». Алматыда қарттар күні 1 ай бойы аталып өтіледі. Мереке аясында түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ. Мәселен, бүгін «Скандинавиялық серуен» фестивалі өтті.
Спорттың бұл түрі жас талғамайды. Екі таяқшаға аздап сүйеніп, денені тік ұстап жүру керек. Мамандардың айтуынша, скандинавиялық жүріс жүрекке, омыртқаға пайдалы. Соңғы уақытта осы спорт түрімен 500-ге жуық қарт әуестене бастаған. Қолына қылқалам алып, сурет салып жүрген қариялар да көп. Тіпті, кейбірінің туындылары «Алматы» мұражайындағы көрмеге қойылыпты. Бүгінде мегаполисте 15-тен аса «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бар. Оларға 7 мыңнан аса қарт тіркелген.
Гүлнар Тоқаева, зейнеткер:
Менің сурет салып жүргеніме бір жарым жылдай болды. Бұл бірінші көрмем. Зейнеткерлерге осындай қуаныш алып келіп, өз дәрежелерін көрсетіп, халыққа білдіріп танытқанына рақмет.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18