Референдумды 177 шетелдік байқаушы қадағалайды
Қазақстанда 6 қазан күні өтетін АЭС салуға қатысты референдумды әлемнің 30 елінен 177 бақылаушы қадағалайды. Одан бөлек, 4 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады. Бұл қатарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттерінің ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналистің хабар тарататынын мәлімдеді. Министрлік референдумға бақылау жасау үшін 5 ірі халықаралық ұйымды шақырған. Жиында өңірлердегі сайлау комиссияларының дайындықтары да пысықталды.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
30 қыркүйек күні сауал салу нәтижелерін жариялаудың соңғы күні болғанына назарларыңызды аударамын. Ал бүгіннен бастап сауал салу нәтижелері туралы ақпаратты жариялауға, сондай- ақ қайта басып шығаруға тыйым салынады. Осыны ұмытпаңыздар.
Cерік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18