Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатын аяқтады

01.10.2024

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын аяқтады. Ширек финалда Аргентинамен кездескен жерлестеріміз 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын тартысты басталды. Қос команда да өткір шабуылдар ұйымдастырып, қарсы команданың қақпасынан саңылау іздегенімен, бірінші тайм голсыз аяқталды.

Ал ойынның екінші бөлігі бастала сала, оңтүстік америкалықтар Рекардо Каканың шәкірттерін қапыда қалдырды. Көп ұзамай қорғаушылардың қателігінен екінші голды өткізсек, ереже бұзу көрсеткіші бойынша қақпамызға айып добы белгіленіп, есеп 0:3-ке жетті. Есе қайтармақшы болып шабуылды үдеткен қазақстандықтар 1 гол ғана соға алды. Екінші таймның соңына дейін есеп 1:6-ға жетті.  

Лео Игита, футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны, қақпашы:

Олар мүмкіндікті күтті. Сол мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Аргентина қателікті кешірмейтін команда. Үшінші голдан кейін біз ойынды бақылай алмай қалдық. Бар күшімізді шабуылға бағыттаған сәттерде қақпамыз қорғаусыз қалып жатты. Командаластарымды мақтан тұтамын. Барлығы өте керемет ойнады.  

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу