Атырауда референдумға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. 6 қазан күні өңірде 274 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Жалпы облыста 411 880 адам өз таңдауын жасауға құқылы. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың референдумға қатысуын қамтамасыз ету үшін сурдоаудармашылар мен инватакси қызметі қарастырылған.
Қандай да бір себеппен дауыс беру орнына келе алмайтын азаматтарға жылжымалы урна үйіне жеткізіледі. Мұнайлы өңірде азаматтардың басым бөлігі вахталық әдіспен жұмыс істейді. Қазір олардың саны нақтылануда.
Азамат Айманақұмов, Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:
38 учаскелік референдум комиссиялары вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың дауыстарын алуды ұйымдастыратын болады. Референдум комиссия мүшелерінің іс-тәжірибелері, барлығы бар. Олар оқытылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт