Сарапшы: Энергетикалық қауіпсіздік басты орында болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Энергетикалық қауіпсіздік басты орында болуы керек

01.10.2024

Өз дербестігін қамтамасыз ететін кез келген мемлекет энергетикалық қауіпсіздікті басты орынға қояды. Бұл экономиканың дамуына, түптеп келгенде халықтың әл ауқатын арттыратын негізгі фактор дейді сарапшы. Физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов Риддер қаласының тұрғындарымен кездесіп, АЭС-ке қатысты көптің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. 

Манарбек Қылышқанов, физика-математика ғылымдарының докторы:

 Бұл жерде айта кететін жағдай - жалпы энергетика, оның ішінде электр энергиясы бұл мемлекеттің басты ресурстарының бірі. Кез-келген мемлекет өзінің электр энергетика қорын дефицит болмайтындай дамытуға тырысады. Шама келсе, артық энергия өндіріп, өндіріс орындарын ашуға талпынады. Сондықтан Қазақстан да бұл бағытта өзінің стратегиялық жобасын жүзеге асыруға тырысып жатыр. 

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу