Жапонияда ел үкіметі толық отставкаға кетті
Бірнеше сағат бұрын Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мен оның үкіметі толық отставкаға кетті. Парламент министрлер кабинетінің жаңа басшысын бүгін сайлайды.
Айта кетсек, Кисида билікке 2021 жылы келді. Ал өткен аптада Кисиданың орнын басуы мүмкін адамның есімі белгілі болды. Ол - 67 жастағы Сигэру Исиба. Исиба жұма күні Либералдық-демократиялық партия басшылығына өткен сайлауда жеңіске жетті. Тағы бір мәлімет: жапон парламентінің төменгі палатасы қазанның 9-ында таратылады. Ал осы айдың 27-сінде елде жалпыхалықтық сайлау өтуі керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15