ІІМ: Онлайн ойындар балалардың психикасына теріс әсер етеді
Желіде қызу талқыланып жатқан қауіпті ойындар балалардың психикасына теріс әсер етіп, оларды қашуға және бағынбауға итермелеуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты. Жыл басынан бері жеткіншектердің сана-сезіміне жағымсыз әсер ететін 43 интернет-ресурс анықталып, уәкілітті органға бұғаттауға жіберілген. Интернет арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы әрекеттердің тұрақты әрі белсенді түрде жүргізілетіні туралы да сөз қозғалды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырды.
Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу қажет. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Интернетте қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретіңіздер.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада медальдарының құны жарияланды
10.12.2025, 13:27
10 боксшымыз ширек финалға шықты
10.12.2025, 13:24
Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
10.12.2025, 13:21
Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
10.12.2025, 13:18
Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
10.12.2025, 13:15
ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
10.12.2025, 13:12
Ресейге 5 миллион үнді баруы мүмкін
10.12.2025, 13:09
Иракта су тасқынынан 3 адам қаза тапты
10.12.2025, 13:06