Ардагердің рухына тағзым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагердің рухына тағзым

30.09.2024

«Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды». Мәскеу түбіндегі Дубосеково майданында қаза тапқан отандастарымызға құрмет ретінде сол жердің топырағы салынған капсула елге жеткізілді. Ресей делегациясы әкелген бір уыс топырақ орталық зиратқа арнайы белгімен жерленді. Алматылықтар майдан шебінен табылған отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Халықаралық шара келер жылы болатын Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Айтулы датаға орай ТМД елдері көлемінде халықаралық шара басталған болатын. 28 панфиловшылар саябағына жиналғандар соғыс тарихына арналған музейді аралап, қан майдан туралы сақталған деректермен танысты. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Арадагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы:

Бұл үлкен сұрапыл соғыста ең алдыменен қиыншылықты көрген, сол соғыстың ең көп азабын тартқан ол Совет одағы болды. Осы жеңістің арқасында тек қана Совет одағын ғана емес, Еуропаның көптеген, ондаған елдерін фашизмнен құтқарды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу