Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі жақты әріптестік байланысты талқылады.
Оның ішінде Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму жөніндегі Өңірлік орталығын құру жайы сөз болды. Антониу Гутерриш Қазақстан мен жаһандық ұйым арасындағы ынтымақты жоғары бағалады. Әсіресе, елдің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Өз кезегінде министр Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары және елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03