Қазақ-өзбек шекараcынан жылан өткізбек болғандар ұсталды
Қазақ-өзбек шекарасында алып жыланды заңсыз өткізбек болған тұрғын қолға түсті. Оқиға Түркістан облысымен шектесетін «Гишткуприк» кеден бекетінде болған. Бұл туралы Өзбекстан кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстаннан көрші ел аумағына қарай кетіп бара жатқан азаматтың жүк сөмкесін тексеру кезінде шекарашылар оның ішінен ұзындығы үш метрлік питонды тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл питон Оңтүстік-Шығыс Азияда кездеседі. Әрі қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық CITES ұйымының рұқсаты қажет. Алайда ер адам тиісті құжаттарды көрсете алмаған. Бұл факті бойынша кеден органдары тексеруді бастады. Алып питон Ташкент зообағына жіберілді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00
Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
07.08.2026, 11:24
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08