Жамбыл облысында 2 қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды
Жамбыл облысында 2 қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды. Оқиға кеше кешке болған. Алдымен мейрамғананың шатыры жанып, кейін жалын екінші қабатына көшкен. Өрт сөндіру жұмыстарына 60 қа жуық құтқарушы, 12 арнайы техника, психологтар және өзге де мамандар жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ. 4 адам медициналық көмекке жүгініп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің себептері анықталып жатыр.
Жақсылық Бекбергенов - Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:
Хабарлама түсісімен оқиға орнына Жуалы аудандық және Тараз қалалық горнизондарының жеке құрамы №2 шақырту бойынша жіберілді. Өрт 22:03 оқшауланып, 23:34 өрт толық жойылып, 400 шаршы метрді құрады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02