Қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні. Биыл бүгінге сәйкес келді. Еңбек күні жұмыс істеген адамның бәріне қатысты. Дегенмен жұмысшы мамандарына, шаруа адамына көбірек қатысты сияқты көрінеді.
Проблема бар. Әсіресе құрылыста, кеніштер мен шахталарда еңбек қауіпсіздігі сақталмай, азаматтар мерт болып жатады. Ресми органдардың өзі берген мәлімет бойынша елімізде әрбір мың жұмысшының 1,5-2 –уі жарақат алады. Ал әлемде орташа көрсеткіш 0,5. Жарақат алу деңгейі бізде 4 есе көп.
Мемлекеттің мызғымауы түрлі саладағы жұмысшы табының табысты еңбек етуіне де байланысты. Тәуірі - өзіңе жұмыс істеген дейміз. Тәуірі сол. Дегенмен жұмысшы мамандарынсыз тіршілік жоқ. Сонымен бірге жұмыссыз адамдардың аз болғаны сөзсіз, өте маңызды.
Мейірімді, қанағатшыл, тапқан наны адал екеніне қылаудай күмән келтірмейтін адамдар жайлы Данияр Қайыртайдың портреттік сюжеті.