ШҚО-да уран өндірісінің мамандары марапатталды
Қазақстан биыл 300 тоннаға жуық байытылған уран экспорттаған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп. Оған қоса жыл сайын жаңа кен орындары да ашылып жатыр. Нәтижесінде қазір еліміз әлемдегі уранның 40 пайызын өндіреді. Дүниежүзі бойынша барланған кен орындарының 13 пайызына иелік етеді. Өскемендегі зауыт Орталық Азиядағы ядролық отын өндірісін жолға қойған ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта 4 мың адам еңбек етеді. Олардың 40 пайызға жуығы жас мамандар. Бүгінгі мерекеге орай, еселі еңбек етіп келе жатқан мамандар марапатталды.
Оразалы Жетенов, Уран байыту зауытының жұмысшысы:
Бұрынғы мамандар кетіп жатыр. Ал енді қазіргі жастар жаңа технологияны меңгереді. Біздікі ескі ғой. Жаңа мамандар керек бізге. Қазіргі жастар Ресейден де, диплом алып келгендер бар. Біздікін де бітіргендер бар. Сондай екі дипломмен келіп жатыр. Сонда енді болшағы жақсы деп ойлаймын.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17