Құрылыс саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді
Елімізде алдағы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі аталып өтеді. Осы ретте, қазір жер-жерде еңбек ұжымдарына құрмет көрсетіліп жатыр.
Мәселен, бүгін сенаторлар панельді тұрғын үй құрылыс зауытына барды. Кәсіпорында модульдік блоктар өндіріледі. Ол тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға пайдаланылады. Депутаттар алдымен комбинаттың жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлесті. Құрылыс саласының қарқынды дамуында әрбір маманның еңбегі орасан екенін атап өтті. Сонымен бірге, шара кезінде үздік қызметкерлер Сенат Төрағасы атынан алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақжарқын Байтабынова, құрылысшы:
Осы зауытта 4 жылдан бері жұмыс істеймін. Ал, құрылыс саласында 1983 жылдан бері жұмыс істеймін. Жалғыз мен емес бұл жерде мыңдаған миллиондаған адам жұмыс істеп жатыр. Барлығына еңбектері жемісті болсын, мерекелері құтты болсын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына қосылды
01.07.2026, 20:53
Норвегия командасы келесі кезеңге өтті
01.07.2026, 20:30
Жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады
01.07.2026, 20:23
Еуропалық сарапшылар халықтық Конституцияны жоғары бағалады
01.07.2026, 20:21
Әлем жаңалықтарына шолу
01.07.2026, 20:20
Электросамокатты пайдалану ережесі өзгерді
01.07.2026, 20:19
Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енеді
01.07.2026, 20:18
Халықтық Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі
01.07.2026, 20:15