Қазақстан жаһандық рейтингте бірнеше сатыға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жаһандық рейтингте бірнеше сатыға көтерілді

27.09.2024
0:00:00
0:00:00

Еліміз Жаһандық инновациялық индексте рейтингін жақсартты. Бұл туралы Женевада өткен Дүниежүзілік интеллектуалды зияткерлік меншік иесі ұйымының форумында белгілі болды. Бұған дейін Қазақстан 133 елдің ішінде 81-орында еді. Енді позициясын үш сатыға жақсартып, 78-орынға тұрақтады. Бұл еліміздің экономикалық, қаржылық, инновациялық әлеуеті жоғары қарқынмен дамып келеді дегенді білдіреді. Көбіне мұндай рейтингке инвесторлар жүгінеді. Яғни қандай да бір елдің экономикасына қаржы құймас бұрын осы көрсеткіштің көмегімен бағалап алады. Ал сарапшылардың пікірінше, рейтингтің жақсаруына жүргізіліп жатқан реформалар саяси тұрақтылық, азаматтық белсенділік және қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар оң әсер еткен.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Ол дегеніміз еліміздегі инновациялық іс-әрекеттің жақсаруы, яғни, бизнесті жақсартуға жағдайдың жасалуы, инвесторларды тартуға көптеген шаралардың жүзеге асырылуы деп білуге болады.

Яғни «Бизнестің даму деңгейі», «Инвестициялар», «Шығармашылық қызмет нәтижелері» сияқты көрсеткіштер бойынша еліміздің нәтижелері жақсара түскен. Тіпті Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азияның 33 елі арасында инновациялық экономиканың үздік үштігіне енді. Әрі орташа табысы жоғары елдердің қатарына қосылды.

Саша Вунш-Винсент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы экономика және статистика Департаментінің басшысы:

Өңірлік деңгейде қазақстандық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын көріп отырмыз. Сіздерде мұнай-газ секторы бар. Осы арқылы энергетика саласында біз жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы инновацияның айтарлықтай жоғары модернизациясын көріп отырмыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу