БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесті. Министрлер БҰҰ-мен ынтымақтың басым бағыттарын талқылап, ұйыммен өзара тиімді байланысты дамыту бойынша ой бөлісті. Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Өңірлік құрылым қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша ұстанымын жеткізді. Iс-шара аясында Ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен екіжақты кездесу өткізді. Дипломаттар қазақ-ресей ынтымағы және оны тереңдету жайын сөз етті. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен де кездесіп, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарын пысықтады.
Жалғас Сәдібекұлы