Алматыда «Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр.
Жауын жауып, суық күн райына қарамастан, эко науқанға қала тұрғындары белсене атсалысты. Олар Алматының көрікті аумағының бірі – 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағын қоқыстан тазартты. Еріктілер саябақ маңын сыпырып, жерге түскен жапырақтарды жинады. Жазда басталған науқан аясында осы уақытқа дейін 23 учаскеде тазалау жұмыстары жүргізіліп, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Бекембай Сахи, ерікті:
Жалпы тазалық ұлт кепілі деп бекер айтпайды, сол себепті осы қоршаған ортамыз еліміз таза болса қоғам да таза болатыны анық. Алматы қаласы жастар қаласы болғандықтан ұлт санасына оң әсерін беріп жатыр деп ойлаймын. Осы акция барысында осында жұмыс жасайтын қызметкерлерге де бір жағынан өзіміздің көмегімізді берудеміз.
Айдана Қуантхан