Қазақстан мен Бахрейн дипломаттары екі ел арасында визасыз жүре алады. Нью-Йоркте Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Биыл Қазақстан осы елдің астанасы Манамада Бас консулдық ашқан. Келешекте екі елдің ұлттық паспорт иелерін де визалық талаптардан босату жайы айтылды.
Дипломаттарға визасыз режим Руанда елімен де жасалды. Бүгін сыртқы істер министрлері тиісті үкіметаралық құжатты бекітті. Бұл екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға мүмкіндік бермек. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы сауда, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық өнімді Африкаға экспорттау мәселесін талқылады.
Жалғас Сәдібекұлы