Түркияда қазақ киносының көрсетілімі өтті
Стамбұл қаласында қазақстандық «Возраждение аралы» шытырман оқиғалы тарихи фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бүгіннен бастап фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көпшілік көрерменге ұсынылады. Бұған дейін қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылған. Ал шынайы оқиғаға негізделген экшн жанрындағы фильм алғаш рет көрсетіліп отыр. Фильмде Кеңес үкіметінің соңғы жылдарында Арал маңындағы «Бархан» әскери полигонында биологиялық қаруды құпия сынақтан қалай өткізгені туралы баяндалады.
Айсұлу Онаран, фильмнің режиссері:
Түркиялық әріптестерімізді фильмнің Қазақстандағы премьерасына шақырғанбыз. Оларға фильм қатты ұнады. Бұл жобада халықаралық мамандар жұмыс істегендіктен сапасы өте жақсы. Сондықтан түркиялық мамандар оған қызығушылық танытып осы жақта көрсетілім жасауға шақырды. Аз уақытта фильмді түрікшеге аударып, әлемдік кино индустриясында өзіндік орны бар Түркия нарығына шығардық.
Надира Ахонова, фильмнің түркиядағы продюсері:
Қазақ киносы сапалы жобалармен халықаралық деңгейге, халықаралық платформаларға шығуы тиіс деп ойлаймын. Және бұны өзін дәлелдеген мемлекеттермен ортақ жоба жасау арқылы шығуы керек деп ойлаймын және Түркия сондай елдердің бірі. Бұл фильм Түркия бойынша барлық кинотеатрларда көрсетіледі, 80-100 салонға кіреді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00