Еуропалық сарапшылар жолдауға пікір білдірді
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында энергетикалық тиімділікті арттыру, экологиялық проблемаларға басымдық берілуі-құптарлық»,-дейді еуропалық сарапшылар. Олардың пайымынша, Жолдауда жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы анық көрсетілген. Құжатта қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету, саяси жүйені кешенді жаңғырту мен елді орнықты дамыту мәселері толық қамтылған-дейді қарт құрлық сарапшылары.
Оливье Арифон, Лилль Католик университетінің профессоры, зерттеуші:
Президент халыққа Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты референдум өткізіп, мәселені халықтың талқысына салу қажет деді. Осындай ұтымды шешім арқылы пікірталасқа жағдай жасалды. БАҚ-дарындағы саясаткерлермен өткен пікірталастардан тұрғындар техникалық жағынан қиын тақырыпқа түсінікті тілде жауап алып, мәселенің түп-төркініне бойлайтын болады. Сондықтан, референдум ұйымдастыру жақсы идея.
Виллем Mювиссен, заңгер:
Қазақстандағы инвестициялық климат өте жақсы. Тұрақты үкімет кәсіпкерік пен өнеркәсіпке барынша қолдау көрсетіп отыр. Астана қаржы орталығы халықаралық заң жүйесіне сүйеніп жұмыс істейді. Бұл шетелдік кәсіпкерлердің сенімін арттырып, елге қаржы құюға және білген наухауларымен, тәжірибелерімен қазақ халқымен бөлісуге мүмкіндік бермек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04