Астанада науқастарды оңалтудың жаңа тәсілдері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада науқастарды оңалтудың жаңа тәсілдері талқыланды

25.09.2024

Астанада қазақстандық және бірнеше шетелдің невропатологтары мен реабилитологтарының қатысуымен халықаралық конференция басталды. Жиында дәрігерлер неврологиялық ауруы бар науқастарды оңалту, емдеу, диагностикалаудың әдістерін қарастырады. Сонымен бірге оңалтуда жаңадан қолданылып жатқан тың жаңалықтарымен бөліседі. Ал Франция және Қытайдан келген ғалымдар еліміздегі медицина мамандарына шеберлік сағатын өткізеді. Оған оңалту саласындағы мамандар ғана емес, ерекше балалардың ата-аналары да қатыса алады. Шараға бас-аяғы 400-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Олардың арасында 11 елден келген білікті мамандар бар. Конференция барысында қауымдастықтар тарапынан бірінші рет үздік медцина қызметкерлерімен қатар меценаттар, қайырымдылық көмек көрсететін ұйымдар «Алтын Шипагер» наградасымен марапатталды.

Жолтай Дәрібаев, Ұлттық балаларды оңалту орталығының бас сарапшысы:

Нәтижесінде ойлаймын, осы неврологиялық науқастарды оңалтуда жаңа-жаңа жетістіктерге жетеміз деп. Себебі еліміз бойынша жылдан-жылға мүгедек балалардың саны өкінішке қарай өсіп келе жатыр. Қазір 110 мыңнан астам бала мүгедектігі бар балалар болып саналады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу