Астанада «Көмірдің орнына атом» бірегей акциясы өтті
Көмірдің орнына атом. Осындай атаумен Астанада бірегей акция өтті. Орталық саябаққа бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысан орнатылды. Шара 28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды. Акция мұнай мен көмір секілді энергия өндірудің басқа дәстүрлі көздерімен салыстырғанда, атом энергиясының артықшылықтарын көрсетуге бағытталды. Жастар жиналған шарада салмағы 4,5 грамм бір уран таблеткасын, 350 литр мұнайы бар бөшкелерді және салмағы 400 келі болатын тас көмір салынған стенд таныстырылды. Бұл арқылы мамандар ядролық отынның жоғары энергия тығыздығын ғана емес, сонымен бірге оның экологиялық тазалығын көрсетті.
Софья Курий, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының президенті:
4,5 грамм бір уран таблеткасын қолданғанда, атмосфераға шамамен 20 грамм көмірқышқыл газы бөлінеді. Ал 350 литр мұнай жағылғанда атмосфераға шамамен 900 килограммы шығады. Көмірдің зияны одан да көп – 400 кг көмір шамамен 1000 кг көмірқышқыл газын бөледі. Оның шамадан тыс мөлшері біздің қоршаған ортаның нашарлауына әкеледі. Менің ойымша, АЭС құрылса, экологияға айтарлықтай зиянсыз болмақ.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05