Жошы Ұлысының құнды жазбаларын ғылыми айналымға енгізу қажет
Жошы Ұлысы кезіндегі құнды жазбаларды сауатты аударып, ғылыми айналымға енгізу қажет. Әсіресе тасқа қашалған эпиграфиялық ескерткіштердегі деректердің маңызы зор.
Бүгін Алматыда бас қосқан тарихшы ғалымдар осындай пікір білдірді. Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған жиынға «Шығыс дереккөздеріндегі қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбы арқау болды. Басқосуға шығыстанушы ғалымдар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар Шығыс жәдігерлеріндегі Алтын Орда мен Қазақ хандығының тарихнамасы бойынша зерттеулердің нәтижелерін баяндап, ғалымдармен бірге талқыға салды.
Бағдат Дүйсенов, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері:
Алтын Орда кезеңінде тасқа қашалған эпиграфиялық ескерткіштер тіл, мәдениет, әлеуметтік елдің ахуалын эпиграфиялық ескерткіштер арқылы білуге болады. Бұл бір ғылымда соңғы кезде көп зерттелмей жүрген араб жазулы эпиграфиялық ескерткіштер. Сақталған қолжазбаларды жинап әкеліп, солардың Жошы Ұлысына қатысты бөліктерді аударып, оны ғылыми айналымға енгізіп, соларға қызмет етіп жатырмыз.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01