Израиль шабуылынан Ливанда 569 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль шабуылынан Ливанда 569 адам қаза тапты

25.09.2024

Израиль әуе күштері Ливан астанасы Бейрутте «Хезболла» қарулы тобының командирі Ибрахим Кубайшиді мерт қылды. Қазір екі жақ арасындағы қақтығыстар үлкен соғысқа ұласуға жақын. Ливан Сыртқы істер министрлігінің ескертуінше, бұл жанжалды Вашингтон ғана тоқтата алады. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі аймақтағы жағдайды талқылау үшін сәрсенбіде кездесу өткізбек.

Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің шабуылдарынан Ливанда қаза тапқандар саны 569-ға жетті. Тағы 1835-і жараланған. Құрбандардың ішінде 50 бала бар. Айта кетсек, былтыр қазанда Израиль Газа секторын бомбалауға кіріскеннен кейін, «Хезболла» Израильдің солтүстігіне зымыран жаудыра бастады. Соны тоқтату үшін Израиль Ливанның оңтүстігіне бірнеше күннен бері соққы беріп жатыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу