БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды

25.09.2024

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 79 сессиясы аясында Жоғары деңгейдегі апталық басталды. Оған мемлекеттер басшылары мен қатар әлемнің басты халықаралық ұйымындарының өкілдері де қатысып жаһанды толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп жатыр. Басты тақырып әрине Таяу шығыстағы қақтығыс мәселесі. Толығырақ Нью-Йорктен меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.

Әлем құлақ түріп, көз тіккен БҰҰ-ның жоғары апталығы төрт күн бойы жалғасады. Маңызды жиынға ұйымға мүше 193 елдің 130 астамының президенттері мен үкімет басшылары қатысып жатыр. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар Газа, Украина, Судан және Гаитидегі соғыс пен қақтығыстар.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

Геосаяси бөліністер тереңдеп жатыр. Соғыстардың қашан аяқаталыты белгісіз. Біз елестету қиын жағдайға жақындап келеміз. Сол үшін біз халықаралық ынтымақтастықты жаңарту мен реформалауға, оның әділ болуына және оны инклюзивті ету үшін алғашқы қадамдарды жасаумыз керек.

Жалпы бүгін ең көп көтерілген мәселе Таяу шығыс оның ішінде Газа проблемасы. Осымен 14 рет БҰҰ мінберінен сөз сөлеген Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Изарильге шара қолдануға шақырды. Түрік басшысы БҰҰ-ын Газаға қатысты әрекетсіздігі үшін сынап, Израильді Палестина жерін «әлемдегі ең үлкен балалар мен әйелдер зиратына» айналдырды деп айыптады.

Реджеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Менің сіздерге қояр бір ғана сұрағым бар: Газадағы адамдар адам емес пе? Палестинадағы балалардың құқықтары жоқ па? Осыдан 70 жыл бұрын халықаралық қауымдастықтың көмегімен Гитлерді тоқтатқандай, Нетаньяху мен оның жақтастарын тоқтату осы отырған біз бен сіздің қолымызда.

Регламент бойынша мемлекет басшыларына 15 минут уақыт беріледі. Алайда Ердоған жарты сағаттай сөйлеп, Газада балалар ғана емес, адамзаттың әділ әлемде өмір сүруге деген үміті біртіндеп сөніп жатыр деп мәлімдеді. Ал БҰҰ-ның мінберінен президент ретінде соңғы баяндамасын жасаған Джо Байден Таяу Шығыстағы мәселені бірлесіп шешуіміз керек деп отыр.

Джо Байден, АҚШ президенті:

Газадағы бейбіт тұрғындар тозақтан өтіп жатыр. Мыңдаған жазықсыз адамдар қаза тапты. Арасында гуманитарлық көмек көрсетушілер де бар. Өте көп отбасы бас сауғалауға мәжбүр.

Десе де Байден бұл үшін Израйлді сынаған жоқ. Өңірде бейбітшілік орнату үміті әлі өшкен жоқ деген АҚШ басшысының сөзінше, таяу шығыс қалыпты өмірге қайта түсуі үшін Газа Хамас жасақтарынан тазаруы қажет. Жалпы биылғы сессияның басты ерекшелігі Палестина делегациясы алғаш рет билік мінберлі жиынға қатысып жатыр. Ел Президенті Махмұд Аббас бейсенбі күні сөйлейді деп жоспарлаған.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу