Оралда ерекше балалар сахнада өнер көрсетті
Атыраулық Даун синдромына шалдыққан балалар Орал қаласында «Ертегілер еліне саяхат» атты ерекше қойылым қойды. «Мен бармын!» қоғамдық қоры бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 16 жастан асқан 15 бала бар. Жетекшілерімен бірге әртүрлі өнер байқауларына қатысып, жүлделі орын алған. Енді «Күн сәулелі балалар» гастрольдік сапарларға шығып жүр. Бұл жолы «Шаһризада», «Алдар көсе», «Бауырсақ», тағы басқа ертектерден үзінді қойып, би билеп, көрерменді тәнті етті. Ерекше балалар мектеп пен балабақшаға бармаса да, оларды өнер арқылы қоғамға бейімдеуге болатынын ұғындырғысы келеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Гүлмейрам Қазиева, көрермен:
Біздің балаларымызға ерекше есте қаларлықтай жақсы бір өнер көрсетті. Қарапайым баланың өзіне әліпті үйрету оңай жұмыс емес. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу қиын да ауыр жұмыс, оны білеміз. Ата-ана ретінде түсінеміз. Сондықтан осындай балалардың сахнада өнер көрсетуі үлкен жетістік деп ойлаймын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13