Шымкентте науқас диагнозын жасанды интеллект көмегімен анықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте науқас диагнозын жасанды интеллект көмегімен анықтайды

24.09.2024

Шымкенттік дәрігерлер инсультті жасанды интеллектінің көмегімен анықтай бастады. Ақылды жүйе компьютерлік томография қондырығысымен жұмыс істейді. Науқастарға талдау, сараптама жасап, инсульт белгілерін жылдам әрі дәл анықтайды. Тексеру қорытындысы смартфон қосымшасына жүктеліп, қажет адамдарға хабарлама арқылы жолданады. Соның арқасында дәрігерлер аурудың алғашқы сатысында-ақ нақты шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Жасанды интеллектінің диагноз қоюымен осы кезге дейін 40 адамға операция жасалған. Қан ұйыған жер дер кезінде анықталып, тамырдағы түйінді тарқатады. Нәтижесінде науқастар қалыпты өмірге оралып, аз күнде аяққа тұрған.

Нұржан Қарабаев, рентген хирургиялық емдеу әдістері бөлімшесінің меңгерушісі:

Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып, сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді. Бізге аспект шкаласымен көрсетіп беретін болса біз оны дереу түрде операцияға аламыз.

Жасанды интеллектті қазақстандық ІТ мамандар мен нейрорадиологтар жасап шығарған. Аурухана дәрігерлері де онлайн жүйені тез меңгеріп алды. Медицина қызметкерлері енді жасанды интеллектінің өзге де мүмкіндіктерін пайдаланып көрмек.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу