Өзбекстанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
Өзбекстанда депутаттыққа кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Орталық сайлау комиссиясы үміткер ретінде 29 350 адамды тіркеген. Олар елдегі бес саяси партияның өкілдері.
Көрші елде парламент пен жергілікті кеңестер сайлауы 27 қазанға белгіленген. Саяси дода тұңғыш рет аралас жүйе бойынша өткізілмек.
Бұған дейін Өзбекстанда сайлау мажоритарлық жүйемен өтетін. Өз округінде халықтан көп дауыс алған кандидаттар сайланатын. Өткен жылы желтоқсанда ел Президенті аралас сайлау жүйесіне көшу туралы заңға қол қойды.
Енді Олий Мәжілістің заң шығару палатасындағы 75 депутат мажоритарлық жүйе бойынша, ал қалған 75-і пропорционалдық жүйемен таңдалады. Олий Мәжілістен бөлек, Сенаттың 56, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты мен облыс, қала және аудандық кеңес депутаттары сайланады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00