Сербияда 2027 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қазақстандық компаниялар да қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда 2027 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қазақстандық компаниялар да қатысады

23.09.2024

Сербияда 2027 жылы өтетін  ЭКСПО көрмесіне қазақстандық компаниялар да қатысады. Мұны Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нью-Йоркте сербиялық әріптесі Марко Джуричпен кездесуінде растады. Дипломаттар екіжақты байланыс, халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты. Ал, Албанияда жақында Қазақстан елшілігі ашылған. Сол үшін осы елдің Сыртқы істер министрі Игли Хасани ризашылығын білдірді. Тараптар бұл қадам мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтереді,- деп санайды. Мұрат Нұртілеу Анголаның Сыртқы істер министрі Тете Антониомен де келіссөздер жүргізді. Қазақстан қазіргі таңда Африка елдерімен өзара ынтымақты тереңдеуге күш салып жатыр. Соның ішінде осы құрлықтағы ең ірі және бай мемлекеттердің бірі – Анголамен қарым-қатынас арта түспек.

Министр сондай-ақ, Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен де кездесу өткізді. Келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақты және даму перспективаларын талқылады.


Хабарламаларға жазылу