Түркістан облысының Төле би ауданында 4 мектептің ағымдағы жөндеуі әлі аяқталмаған. Оқу жылының бір айы өтсе де шәкірттер бірнеше ауысыммен ығайластырылған тар бөлмелерде қысылып-қымтырылып отырып, білім алып келеді.
Мұғалімдер осылай тақтаның алдында жүрелеп отырып, жазуға мәжбүр. Өйткені бастауыш сынып балалары оқып жатқан бұл бөлме өлкетану мұражайы болған. Сабақ оқытуға лайықталмағандықтан тақта терезенің астында ілуі тұр. Ал парта мен екі ортасынан бір адам әрең сыйып жүреді.
Жанар Арзымбетова, бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары:
Бұл логопед сыныптарында сағат саны көп. Жәй сыныптарда 27 болса, бұларда 40 сағат. Сондықтан бұлар ұзағырақ оқуы керек.
Сынып жетпейтін болғандықтан өзге балалар қыркүйек басталғалы конференция залы мен психологтар бөлмесінде оқып жатыр. Өйткені мектептегі жөндеу жұмысының әлі жартысы да бітпеген. Ғимараттың есік терезесі жоқ, аңқиып тұр. Қабырғасы құлап, баспалдақтар қираған күйі жатыр.
Бекжан Баймұрзаев, мектеп директоры:
Бастауыш сыныптарда 35 сынып оқиды. Және ол ғимараттарда мектеп алды даярлық топтары оқитын. Қазір ол сыныптарды да ыңғайластырып, кабинеттерде оқытып жатырмыз.
Төле би ауданында осындай күйдегі білім ұясы жалғыз бұл емес. Қасқасу, Жаңа жол ауылдарында және Қазанғап Байболов мектебінде де құрылшылар сылбыр тірлікпен күн өткізіп жүр. Ең сорақысы, осы 4 мектептің де жөндеуін бір құрылыс компаниясы мемлекеттік тапсырыс аясында жеңіп алған. Келісімшарт бойынша жұмыс биыл 1 қыркүйекте аяқталуы тиіс еді.
Бәйбек Қыпшақ, Төле би ауданы білім бөлімінің бас есепшісі:
Қазіргі таңда 1 миллион 609 мың теңге айыппұл салынып отыр. Әрі қарай да осындай жағдай болса күнделікті айыппұл жүріп отырады. Және де міндеттемелерін орындамаса жасықсыз деп тануға мәжбүр боламыз.
Жөндеу жұмысы аяқталмаған мектептердегі жағдайды депутаттар да көріп шықты. Енді олар тендерді төмен бағамен ұтып алып, жайбарақат жүргендердің жауапкершілігін облыстық мәслихатта қарауға бекініп отыр.
Ғани Қалмаханов