Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті

21.09.2024

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті. Росттаттың мәліметінше, үйленген 1000 жұптың 900 ажырасады екен. Елдің демографиялық дағдарысқа ұшырағанын ескерсек, халық саны бірнеше жылда тағы азаяды дейді мамандар.

Ресей ажырасу бойынша Португалия Испания, Люксембургтан кейін әлем бойынша төртінші орында. Бір жылда бір миллионнан астам жұп ажырасқан. Мамандардың айтуынша, басы себептердің қатарында экономикалық қиындықтар, инфляция, өмір сүру сапасының төмендеуі.

Мира Моисеева, кәсіби меидатор:

«Отбасыларды, әсіресе балалары бар отбасыларды сақтау үшін әртүрлі шаралар ұсынылады. Тіпті Мемлекеттік Думада арнайы медиацияға қатысты комитеттер құрылған.»

Ең көп ажырасу Мәскеу, Тува, Дағыстанда тіркелген. Сондықтан мемлекет тарапынан жас отбасыларға баса көңіл бөлінбек. Кей шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жұмысқа тек жас отбасыларды қабылдайды.

Александр Росляков, кәсіпкер:

«Біз кәсіпорынға жас ерекшеліктеріне қарай қабылдаймыз. Жас отбасыларды көшіріп, үй болса екен дейміз. Немесе үйленбеген бойдақтар келсе, олардың да отбасы құруына көмек береміз.»

Парламентте психологтардың қатысуымен ажырасу туралы жаңа заң жобасы дайындалуда. Бастамада кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар ажырасудың алдында отбасын сақтау үшін отбасылық психологпен кеңесу керек деп көзделеді. Сондай-ақ, депутаттар бүкіл Ресейде ұзақ неке үшін арнайы төлемдер енгізуді ұсынып отыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу