БҰҰ-да халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні
Ядролық қарусыз әлем құру - жаһандық қауіпсіздік үшін қажет. Қазақстан жаппай қырып жою қаруынан түбегейлі бас тарту идеясын 33 жыл бұрын көтерген еді. Бұл тақырып БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында талқыланды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис Қазақстанның ядролық қаруларды жою, таратпау және бейбіт әлем құру жолында атқарған жұмысын атап өтті. Сонымен қатар жиналғандар Қазақстанның Семей полигонын жабуы туралы шешімі ядролық қарусыз әлем құрудың үлгісі әрі алғышарты болғанын еске салды.
Деннис Фрэнсис, БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті:
Мен Қазақстанның ядролық сынақтарды тоқтатуға қатысты саясатын толықтай құптаймын. Өткенге көз жүгіртсек, ядролық сынақтардың арты не болғанын көре аламыз. Салдары біздің қоғам үшін және планетамыз үшін аса қауіпті. Ядролық қару адамзатқа қасірет әкелері сөзсіз. Демек әлемдегі барлық елдер ядролық қарудан бас тартуы тиіс. Және оның ең тиімді жолы яролық сынақтарға тыйым салу.
Роберт Флойд, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы:
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күнді бекіту Қазақстанның бастамасы болды. Қазақстан ядролық сынақтарды толықтай жабу кажеттілігінің маңызын дер кезінде түсіне білді. Өзге елдерге аталмыш мәселенің өзектілігін көрсете білді. Мен басқарып отырған ұйымның атынан Қазақстанға алғыс айтамын. Сонымен қатар, Қазақстанның антиядролық бағытындағы көшбасшылығына сеніміміз мол. ))
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02