Астанада дәрігерлердің халықаралық форумы өтіп жатыр
Әлемнің үздік хирургтері Астанада бас қосты. Өйткені бүгін елордада «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық форум басталды. Екі күнге созылатын шараға АҚШ пен Қытайдың және Еуропа елдерінің жетекші мамандары арнайы келді. Конференция барысында хирург дәрігерлер бір-бірімен медицина саласындағы тәжірибе алмасып жатыр.
Әрі кардиохирургия, нейрохирургия және қантамыр хирургиясы бойынша операциялар тікелей эфирде трансляцияланып, шеберлік сағаттары өтуде. Алғаш рет Ресейде өткен форум биыл екінші мәрте бізде ұйымдастырылып отыр.
Мыңжылқы Бердіқожаев, ҚР ПІБ Медицина орталығы директорының орынбасары:
Хирургияның барлық бағыттарында жасалып жатқан жоғары технологиялық инновациялық әдістерді кеңінен таратуға, сонымен қатар шетелдерден келіп жатқан біздің қонақтарымызға біздің жасап жатқан жұмысымызды және олардың жасап жатқан инновацияларын біздің дәрігерлерге көрсетуді мақсат еттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12