Қызылордада уран өндірісін жетілдіру жолдары талқыланды. Ғылыми-техникалық форумға еліміздің әр өңірінен 50-ден астам ғалым қатысып, өнеркәсіп кластерін дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Топ-топқа бөлінген зерттеуші ғалымдар алдымен «Байкен» мен «Қызылқұм» кен орындарына барып, өндіріс процесін жан-жақты зерделеді. Екінші күні олар уран өнеркәсібіне қатысты өз ғылыми жобаларын ұсынды. Мәселен, Қорқыт ата университетінің ғалымдары уран ерітінділерінен сканди элементін бөліп алудың тиімді әдісін ойлап тапқан. Жалпы хакатон форматында өткен форумда барлығы 25 жоба қаралды.
Арманбек Өмірғали - «Қазатомпром» ҰАК» АҚ ғылым департаментінің директоры:
Біздегі ғылым өндіріс қызметкерлері және университет және ғылыми-зерттеу институттарының мамандарымен бірігіп, бүгінгі хакатонның аясында өзіміздің өндірістік тапсырмаларымызды шешуге талаптанып жатырмыз.
Әділбек Серкұлы