Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

21.09.2024
0:00:00
0:00:00

Бүгін - халықаралық бейбітшілік күні. Бұл күн келісім мен өзара түсіністіктің маңызды екенін көрсетеді. Осыдан 43 жыл бұрын БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған Халықаралық бейбітшілік күнінің тарихы мен маңызына Арай Төлегенқызы шолу жасайды.

Бейбітшілік күні 1981 жылы халықаралық құжатпен бекітілді. Маңызды дата 2002 жылдан бері қыркүйектің дәл осы күні атап өтіледі.

Әлем бойынша бұл күні бейбітшілік тақырыбында іс-шаралар, мәдениет аралық диалогтар, өзара түсіністік пен ынтымақты тереңдетуге бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Биыл "Бейбітшілік мәдениетін дамыту" тақырыбы өзекті.

Антониу Гуттериш, БҰҰ бас хатшысы:

"Жік-жікке бөлінуден, қауқарсыздық пен үмітсіздіктен арылып, орнына әділдік, теңдік және үміт әкелу арқылы ғана бейбітшілікті дамыта аламыз. Бұл ретте жанжалдардың алдын-алу, тұрақты даму мақсаттарын алға тарту және адам құқықтарын ілгерілету маңызды."

Әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасты орнатқан Қазақстан дипломатия мен диалогты таңдап, бейбітшілік қағидасын толықтай ұстанады. БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысады. Халықаралық аренада Қазақстанның бітімгер мемлекет ретінде рөлі бекіп, еліміздің бейбіт бастамалары қолдау тапқан. Мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды нығайтуда еліміздің атқарып жатқан жұмысы орасан. Бұл мақсатта келіссөз алаңы ұсынылып, халықаралық форумдар мен жиындар өткізіледі.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу