«Құлжа» тас жолы кеңейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құлжа» тас жолы кеңейтілді

20.09.2024

Алматы мен қала іргесіндегі ірі аудандарды жалғап тұрған «Құлжа» тас жолы кеңейтілді. Күніне 70 мыңнан астам көлік өтетін трассаны жөндеу жұмыстары жазда басталып, жақында аяқталды.

Құлжа - қаладағы ірі әрі маңызды тасжолы. Әу баста, әр бағытқа екі жолақ салынған еді.

Сағындық Телібаев, қалалық мобильділік басқармасының басшысы:

Құлжа күре жолын үш жолаққа дейін кеңейтуді ұйғардық. Маусым айында жұмыс басталып, 14-қыркүйек күні бұл көшені толығымен үш жолаққа дейін кеңейттік. Үш жолақтан екі жолаққа ауысу кептеліс орын алған, ал қазіргі таңда бұл жерде орын алмайды.

Жөндеу жұмыстары үш кезеңге бөлінді. Бірінші, жолдың батыс жағы, кейін орталық бөлігі, содан соң, шығыс жағы жөнделді.

Әрсен Шакуов, сарапшы:

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде мен осы трассаны бақыладым. Жолда барлық белгілер тұрды, түнде де қауіпсіздік шаралары толықтай сақталды. Осыған дейін бұл жолда кептеліс болатын еді, енді үш жолақ ашылды.

Игорь Соколов, «Алматыжолқұрылыс» компаниясының өкілі:

Біз келісілген уақытқа үлгеру үшін күні-түні, демалыссыз жұмыс істедік. Жол жөндеу жұмыстары кезінде айналадағы тұрғын үйлер коммуникациядан ажыратылған жоқ.

«Құлжа» тас жолын жөндеу жұмыстары кезінде шаруа кезең-кезеңімен жүргізілді. Сондай-ақ шаһар басшылығының тапсырмасымен көлік қозғалысы шектелмеді. Қазір жол жиегіне тосқауыл қоршаулары мен су бұру жүйелері орнатылып жатыр.


Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу