Сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады
Әскери қызметте тәртіп күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бүгін арнайы брифингте айтты. Оның сөзінше, бүгінде сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір әскери бөлімде ата-аналар чаты құрылған. Құқық бұзылған жағдайда жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді. Сонымен қатар, еліміздегі барлық казармада 12 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Оны бақылап отыратын арнайы операторлар бар.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор:
Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шара қолданылады. Мәселен, «Жауынгерлік дос» жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру. Одан басқа, «Пирамида» жүйесі бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03